locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Өзара түсіністік табуымыз керек»: «Аталанта» ойыншылары «Қайратпен» матчтан кейін пікір білдірді

Фаворит саналған «Аталанта» өз алаңында ұпай жоғалтса, «Қайрат» Бергамодан тең нәтижемен оралды
Футбол
ФОТО: UEFA.com
Конференция лигасы
05.11.2026, Аяқт.
Аталанта
1
Кайрат
1

Италиялық «Аталантаның» футболшылары алматылық «Қайратпен» кездесуден кейін команданың өнеріне пікір білдіріп, алдағы матчтардан күтетін нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу Бергамода өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері басымдыққа ие болғанымен, алғашқы болып гол жіберіп алды. 53-минутта Эдмилсон Фильоның пасынан кейін Марк Гуаль Қазақстан командасын алға шығарды. «Аталанта» тек матч соңына қарай есепті теңестіре алды: 82-минутта Никола Крстович допты Темирлан Анарбековтың қақпасына бағыттады.

Италиялықтарды құтқарған Никола Крстович матчтан кейін команданың қиын кезеңді еңсеріп, жеңістерге қайта орала алатынына сенімді екенін білдірді.

«Біз дұрыс жолдамыз. Жеңіс жолына міндетті түрде қайта ораламыз, жеңістер әлі алда», - деді футболшы.

Сондай-ақ Крстович командаға ойыншылар арасындағы өзара байланысты жолға қойып, өз күшіне деген сенімге ие болу қажет екенін атап өтті.

«Өзара түсіністік табуымыз керек. Егер бұл жүзеге асса, біздің команда кез келген қарсыласты жеңе алады. Бізге өзімізге деген сенім жетіспейді. Бірақ біз бір-біріміз үшін күресіп, болашаққа үмітпен қараймыз», - деп қосты шабуылшы.

Ал қорғаушы Джорджо Скальвини команданы сөздерін нәтижемен бекітуге және қазіргі келеңсіз үрдісті өзгертуге шақырды.

«Біз көп сөйлейміз, бірақ нақты фактілерге сүйенуіміз керек. Бүгін бұдан да жақсы ойнай алар едік, дегенмен көңіл күйіміз бен іске деген көзқарасымыз дұрыс болды. Қалыптасқан үрдісті өзгерту қажет», - деп атап өтті қорғаушы.

Осылайша, «Аталанта» өз алаңында ұпай жоғалтса, «Қайрат» Бергамодан тең нәтижемен оралып, Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші ұпайына қол жеткізді.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie