locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Арутюнян «Қайраттың» «Аталантаны» жеңуіне не кедергі болғанын түсіндірді

Жора Арутюнян Италияның «Аталанта» клубына қарсы өткен сырт алаңдағы матчты қорытындылады
Футбол
Арутюнян «Қайраттың» «Аталантаны» жеңуіне не кедергі болғанын түсіндірді
ФОТО: Getty images
Конференция лигасы
05.11.2026, Аяқт.
Аталанта
1
Кайрат
1

Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда Италияның «Аталанта» командасымен 1:1 есебімен тең түсіп, Бергамодан бір ұпаймен оралды. Кездесудің соңына қарай жеңісті уысынан шығарып алғанына қарамастан, Жора Арутюнян нәтижеге көңілі толатынын жеткізді. Дегенмен маман кейбір сәттерде шәкірттерінің дұрыс шешім қабылдай алмағанын да жасырмады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Жеңіске жету үшін жекелеген сәттерде дұрыс шешім қабылдауымыз керек еді. Алайда ойын басталмай тұрып біреу бізге кездесу 1:1 есебімен аяқталады десе, мұндай нәтижеге қуана келісер едік. Ал үш қорғаушымен ойнауымызға келсек, біз әр қарсыластың ойынын мұқият талдап, соған қарай тактика таңдаймыз. «Аталантаның» соңғы кездесуін зерттеп, осы жүйені қолдануды жөн көрдік. Алдағы матчтарда да мұндай тактиканы пайдалануымыз мүмкін», – деді Арутюнян.

5 қарашада Бергамода өткен кездесудің алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін алматылықтар шабуылды үдетіп, 53-минутта алға шықты. Эдмилсонның пасынан кейін қолайлы мүмкіндікке ие болған Марк Гуаль допты қарсылас қақпасына дәл бағыттады. Алайда «Қайрат» басымдығын сақтап қала алмады. 82-минутта Никола Крстович есепті теңестірді.

Үш турдың қорытындысы бойынша «Қайраттың» еншісінде екі ұпай бар. Бұған дейін алматылық клуб Латвияның «Рига» командасымен 1:1 есебімен тең ойнап, Грекияның «Панатинаикос» ұжымынан 1:5 есебімен жеңілген еді. Енді қазақстандық команда Конференция лигасындағы келесі кездесуін 26 қарашада өз алаңында Швецияның «Мьельбю» клубына қарсы өткізеді.

Италиядағы тең ойын «Қайратқа» турнирлік ұпаймен қатар қосымша қаржы да әкелді. «Аталантамен» өткен матчтың нәтижесі үшін алматылық клуб УЕФА-дан 133 мың еуро немесе шамамен 67,1 миллион теңге алады. Еурокубоктарға қатысқаны үшін берілетін төлемдер мен екі тең ойыннан түскен сыйақыны есептегенде, «Қайраттың» биылғы еуропалық маусымдағы жалпы табысы 3,961 миллион еуроға, яғни шамамен екі миллиард теңгеге жетті.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie