locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Луиш Мата «Қайраттың» Конференциялар лигасында «Аталантамен» тең түсуіне баға берді

Қорғаушы Бергамодағы сырт алаңдағы матч туралы пікір білдірді
Футбол
ФОТО: Getty images
Конференция лигасы
05.11.2026, Аяқт.
Аталанта
1
Кайрат
1

Алматылық «Қайраттың» португалиялық қорғаушысы Луиш Мата УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңі 3-туры аясында италиялық «Аталантаға» қарсы сырт алаңда өткен матчтағы тең ойынға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Еске салайық, Бергамода «Қайрат» футболшылары тең ойнай алды – 1:1. Екінші таймның басында қазақстандық команданы шабуылшы Марк Гуаль алға шығарды, алайда 82-минутта Никола Крстович «Аталантаны» жеңілістен құтқарып қалды.

«Бұл — біздің командамыз және Қазақстан үшін жақсы нәтиже. Әрине, үш ұпай алғымыз келді, оған жақын да болдық. Дегенмен, бұл нәтижеге мақтанамыз әрі қуаныштымыз. Алда тағы үш ойын бар. Сол кездесулерде тарих жасап, турнирдің үздік 24 командасы қатарында қалуға мүмкіндік аламыз. Бұл нәтиже бізге мотивация алу үшін маңызды болды», — деді Луиш Мата.

«Қайрат» Конференциялар лигасындағы келесі матчын 26 қарашада швециялық «Мьельбюге» қарсы өткізеді. Сол күні «Аталанта» босниялық «Борацпен» кездеседі.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie