locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Адмирал» — «Барыс»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы. Онлайн көру

Командалар биылғы маусымда 21 қазанда Владивостокта кездескен. Сол жолы «Адмирал» овертаймда 5:4 есебімен жеңіске жеткен
Хоккей
ФОТО: ХК "Барыс"

Бүгін, 6 қарашада, астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы кезекті сырт алаңдағы матчын өткізеді. Қазақстандық командаға Владивостоктың «Адмиралы» қарсылас атанады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу Владивостокта өтеді және Қазақстан уақытымен 14:30-да басталады.

«Адмирал» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады. Эфир 14:30-да басталады.

22 матчтан кейін «Барыс» 25 ұпай жинады, ал «Адмиралдың» еншісінде 23 ұпай бар. Алдыңғы ойында Қиыр Шығыс командасы өз алаңында Санкт-Петербургтің СКА клубын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал астаналықтар сырт алаңда челябілік «Трактордан» 1:2 есебімен жеңілді.

Командалар биылғы маусымда 21 қазанда Владивостокта кездескен. Сол жолы «Адмирал» овертаймда 5:4 есебімен жеңіске жеткен.

Ресми турнирлердегі соңғы бес өзара кездесуде «Барыс» қарсыласын екі рет жеңген. Алайда қазір Қазақстан клубының «Адмиралға» қарсы матчтардағы жеңілістер сериясы қатарынан үш ойынға жетті.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie