Видео. ПСЖ «Реалды» күйретті: 86-минутта Рамуш төртінші голды соқты
9-нан 10 шілде аралығындағы түнде Нью-Джерсидегі «Метлайф» стадионында клубтар арасындағы әлем чемпионаты-2025 жартылай финалының ойыны өтіп жатыр. Бұл матчта мадридтік «Реал» мен француздық ПСЖ кездесуде. Луис Энрике жаттықтыратын париждіктер алаңда толық үстемдік жүргізіп келеді - 86-минутта Гонсалу Рамуш есепті 4:0-ге жеткізіп, «Реалдың» қайтуына үміт қалдырмады.
Француз клубының шабуылшысы қарсыластың қорғанысындағы қателікті сәтті пайдаланып, суыққанды соққымен есепті еселей түсті. Осылайша, матчтың тағдыры толықтай шешілді.
Еске салсақ, бұған дейін «Реал» қақпасына екі голды Фабиан Руис, бір голды Усман Дембеле соққан болатын. Турнирдің финалы 13 шілдеде өтеді, онда ПСЖ ағылшындық «Челсимен» кездеседі.