locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Финал бұйырмады, бірақ табыс мол болды: «Реал» КӘЧ-те қанша пайда тапты?

«Реалдың» клубтар арасындағы әлем чемпионатынан қанша табыс тапқаны белгілі болды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Финал бұйырмады, бірақ табыс мол болды: «Реал» КӘЧ-те қанша пайда тапты?
ФОТО: Getty images

Мадридтің «Реалы» 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы жорығын жартылай финалда аяқтады. Францияның ПСЖ клубынан 0:4 есебімен ойсырай жеңілгеніне қарамастан, Корольдік ұжым турнирден аз табыс тапқан жоқ. Шетелдік БАҚ дерегінше, «Реал» жарысқа қатысқаны үшін шамамен 93 миллион доллар (80 миллион еуроға жуық) көлемінде сыйақы алған.

Жаңа форматтағы турнирде Хаби Алонсоның шәкірттері сенімді өнер көрсетті. Топтық кезеңде «Реал» 7 ұпай жинап, бірінші орын алды. 1/8 финалда олар туриндік «Ювентусты» 1:0 есебімен сүріндірсе, ширек финалда дортмундтық «Боруссияны» 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Алайда жартылай финалдағы ПСЖ-мен кездесуде мадридтіктерге қарсыласқа қарсы тұру қиынға соқты. Француздар алғашқы минуттардан-ақ басымдық танытып, сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, турнирдің финалы 13 шілдеде өтеді. Онда Еуропаның екі алпауыты - лондондық «Челси» мен париждік ПСЖ әлемнің үздік клубы атағы үшін бақ сынайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie