locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ПСЖ – «Реал»– 4:0. Француздар Мадридті жермен-жексен етті. Голдар және матчқа бейнешолу

ПСЖ «Реалды» ойсырата жеңіп, клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ПСЖ – «Реал»– 4:0. Француздар Мадридті жермен-жексен етті. Голдар және матчқа бейнешолу
ФОТО: Getty images

9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Нью-Джерсидегі «Метлайф» стадионында 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының екінші жартылай финалы өтті. Мадридтік «Реал» мен париждік ПСЖ финалға шығу үшін алаңға шыққанымен, жанкүйерлер күткен шиеленіскен күрес емес, біржақты басымдыққа куә болды - Франция чемпионы қарсыласын тас-талқан етті.

Ойынның небәрі 6-минутында есепті Фабиан Руис ашты. Арада үш минут өткенде Усман Дембеле есепті 2:0-ге жеткізді. Ал 24-минутта Руис дубль авторы атанып, ПСЖ-ның толық үстемдігін бекіте түсті. Матчтың соңына қарай Гонсалу Рамуш қорытынды нүктені қойып, есепті 4:0-ге жеткізді.

Осылайша, ПСЖ финалға сенімді қадам жасап, 13 шілде күні «Мидоулэндс» стадионында өтетін шешуші ойында Лондонның «Челсиімен» жолығады. Еске салсақ, ағылшын ұжымы бұған дейін жартылай финалда бразилиялық «Флуминенсені» 2:0 есебімен жеңген болатын.

Матчтың толық бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie