Видео. Фабиан Руистің голы «Реалды» қалай талқандап жатыр?
9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Нью-Джерсидегі «Метлайф» стадионында 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының екінші жартылай финалдық кездесуі жалғасуда. Бұл матчта мадридтік «Реал» мен француздық ПСЖ өзара бақ сынасуда.
Ойынның басталуы «корольдік клуб» үшін нағыз түнгі түске айналды. Кездесудің 24-минутында-ақ есеп 3:0 болып, париждік команда толықтай басымдыққа ие болды. 6-минутта Фабиан Руис қарсыластың қателігін ұтымды пайдаланып, есеп ашты. Арада үш минут өткен соң Усман Дембеле есепті еселеді. Ал 21-минутта Руис дубль авторы атанып, «Реал» қақпасына үшінші голды соқты.
Осы сәттерде ПСЖ ойыншылары алаңда толықтай үстемдік жүргізіп жатыр. Ал Хаби Алонсоның шәкірттеріне ойын ырғағын табу әзірге қиынға соғуда.