locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ПСЖ-дан тарихи сабақ. «Реал» күйрей жеңіліп, клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалынан тыс қалды

«Реал» жартылай финалда тас-талқан болды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Нью-Джерси қаласындағы әйгілі «Метлайф» стадионында 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалы өтті. Көптен күткен бұл кездесуде мадридтік «Реал» мен париждік ПСЖ алаңға шықты. Алайда турнирдің басты қарсыластығы саналған матч біржақты басымдықпен аяқталды - Луис Энрике шәкірттері 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Ойын басталар алдында стадион маңындағы төтенше жағдайға байланысты матч 10 минутқа кеш басталды. Дегенмен ПСЖ ойыншылары алғашқы секундтардан-ақ қарсыласын аямайтынын байқатты. 6-минутта Фабиан Руис Асенсионың қателігін ұтымды пайдаланып, есеп ашты - 1:0. Арада үш минут өтпей жатып, Усман Дембеле ұзақ шабуылды түйіндеп, есепті еселеді. Бұл - оның маусымдағы 35-ші голы. Сонымен қатар, Дембеле 2002 жылдан бері алғаш рет «Реалға» қарсы алғашқы 9 минутта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген футболшы атанды.

24-минутта Руис дубль авторы атанып, есепті 3:0-ге жеткізді. Ал 86-минутта Гонсалу Рамуш «Реал» қорғаушыларының тағы бір позициялық қателігін пайдаланып, есепті 4:0-ге жеткізіп, нүкте қойды.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты – 2025. Жартылай финал

ПСЖ (Франция) – «Реал»(Испания) – 4:0 (3:0)

Голдар: 6’— Фабиан Руис (1:0);9’ — Усман Дембеле (2:0); 24’ — Фабиан Руис (3:0); 86’ — Гонсалу Рамуш (4:0)

Париждік ұжым ойынның барлық кезеңінде толық үстемдікке ие болып, қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Енді ПСЖ финалда лондондық «Челсимен» кездеседі. Айта кетейік, ағылшын клубы өз кезегінде «Флуминенсені» 2:0 есебімен жеңген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie