Видео. ПСЖ-дан найзағайдай қос соққы. Дембеле 9-минутта-ақ «Реалды» есеңгіретті
9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Нью-Джерси қаласындағы әйгілі «Метлайф» стадионында 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының екінші жартылай финалы басталды. Турнирдің ең көп күткен кездесуінде мадридтік «Реал» мен француздық ПСЖ алаңға шықты.
Кездесу өте күтпеген жағдайда өрбіді: ойын басталғанына небәрі 6 минут өткенде ПСЖ есеп ашты. «Реал» қорғаушысы Асенсионың алаң ортасындағы өрескел қателігін оңтайлы пайдаланған Фабиан Руис допты қақпаның бұрышына дәл бағыттап, париждіктерді алға шығарды.
Арада көп уақыт өтпей, 9-минутта Усман Дембеле есепті еселеп, «ПСЖ» басымдығын күшейтті. Бұл - оның барлық турнирлердегі 35-ші голы. Мұндай көрсеткіш жылдамдығы мен дриблингі жоғары қанат ойыншысы үшін айтарлықтай әсерлі нәтиже.
Ойын таблосында -2:0. Ал Хаби Алонсо шәкірттері 10-минутқа жетпей-ақ есепте артта қалып, енді жағдайды түзеуге тырысуда.