Видео. Алғашқы минуттардан-ақ нокаут. Асенсионың қателігін Фабиан Руис голға айналдырды
2025 жылғы клубтарарасындағы әлем чемпионатының екінші жартылай финалында мадридтік «Реал» мен француздық ПСЖ командалары арасындағы кездесуде көрермендер ерте голдың куәсі болды. Ойын басталғанына небәрі 6 минут өтпей жатып, Фабиан Руис есепті ашып, париждік команданы алға шығарды.
Голға себеп болған - «Реал» қорғаушысы Рауль Асенсионың өз айып алаңына жақын маңда допты сәтсіз өңдеуі. Бұл қателікті ПСЖ ойыншылары бірден пайдаланып, допты иемденіп кетті. Фабиан Руис шабуылды жалғастырып, тосқауылсыз оң қапталдан дәл соққы жасап, допты қақпа бұрышына бағыттады - есеп 1:0.
Осылайша, Луис Энрике баптайтын ұжым матчтың алғашқы минуттарынан бастап «Реалға» қысым көрсете бастады және ойын тізгінін өз қолына алды.