locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: «Қайраттың» Конференция лигасындағы старты

Командалар бірінші таймда голдармен алмасты да, Ригадағы матчты тең аяқтады
ФОТО: «Кайрат»
Конференция лигасы
15.10.2026, Аяқт.
Рига
1
Кайрат
1

15 қазанда «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының 2026-27 жылғы маусымындағы негізгі кезеңде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Негізгі кезеңнің бірінші турында алматылық клуб Латвияның «Рига» ФК командасына қонаққа барды. Командалар 1:1 есебімен тең түсті.

Командалар ойынның алғашқы бөлігінде голдармен алмасты. Қазақстандық команда 5-минутта-ақ алға шықты: Марк Гуаль пенальтиді сәтті орындап, есеп ашты. Алайда араға 5 минут салып, ригалықтар Салах М'Ханданың дәл соққысының арқасында есепті теңестірді.

27-минутта Яакко Оксанен алматылықтардың қақпасына пенальти алып келді, алайда Темірлан Анарбеков 11 метрлік соққыны қайтарды.

Командалар матчты 1:1 есебімен тең аяқтап, негізгі кезеңдегі алғашқы ұпайларына қол жеткізді. «Қайрат» Конференция лигасындағы келесі матчын 22 қазанда өткізеді. Алматылықтар өз алаңында грек футболының «Панатинаикос» клубын қабылдайды.

Назарларыңызға матчтың маңызды сәттерінің видеосын ұсынамыз.

ГУАЛЬДЫҢ ГОЛЫ


АНАРБЕКОВ ҚАЙТАРҒАН ПЕНАЛЬТИ

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie