ВИДЕО: Жумагулов IBA Nomad 16 турниріндегі жекпе-жек алдында көзқарас дуэлін өткізді
Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жумагулов IBA Nomad 16 турнирінде ресейлік Асрор Ақпарходжаевқа қарсы жекпе-жекке дайындалуда, деп хабарлайды Sports24.kz.
15 қазанда қазақстандық және ресейлік файтерлер Ташкентте өтетін жекпе-жек алдында көзқарас дуэлін өткізді.
Айта кетейік, Жумагулов пен ресейлік файтердің ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша жекпе-жегі 17 қазанда Өзбекстан астанасында IBA Nomad 16 турнирі аясында өтеді.
Еске салайық, Өзбекстан астанасындағы турнир 17 қазанда өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады. Басты жекпе-жекте қазақстандық файтер Бекжан Бакиров пен ресейлік Мурад Халидов кездеседі. Бұл айқаста қазақстандық спортшыға тиесілі IBA Nomad ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
IBA Nomad 16 турнирінде барлығы 16 жекпе-жек жоспарланған. Олар ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өтеді.