«Қайрат» Конференция лигасының матчтарына өтінімін жариялады
Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының 2026/27 жылғы маусымына қатысуға арналған өтінімін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Тізімге команданың алдағы еурокубоктік матчтарда сенім артатын футболшылары енді.
Сондай-ақ В тізіміндегі ойыншылар бөлек көрсетілген. Олар УЕФА талаптарына сәйкес А тізімінен бөлек тіркелетін жас футболшылар.
Қақпашылар
Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмұрза, Бақтияр Алдашев*.
Қорғаушылар
Луиш Мата, Дамир Қасабулат, Лев Кургин, Александр Мартынович, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Адлан Нұрғалиев*, Лукас Африко, Данияр Ташпулатов*.
Жартылай қорғаушылар
Әділет Сәдібеков, Олжас Байбек, Яакко Оксанен, Азамат Туяқбаев, Ойва Юккола, Густаво Мендонса, Мұхамедәлі Әбіш*.
Шабуылшылар
Эдмилсон, Мансұр Бірқұрманов, Марк Гуаль, Исмаил Бекболат.
«Қайраттың» Конференция лигасының жалпы кезеңіне дейінгі жолы
Алматылық клуб еурокубоктік науқанын Чемпиондар лигасында бастап, Черногорияның «Сутьеска» және Кипрдің «Омония» командаларынан басым түсті. Алайда үшінші іріктеу кезеңінде болгариялық София клубына жол берді.
Осыдан кейін команда Еуропа лигасында өнер көрсетуін жалғастырды. Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері «Андерлехтпен» кездесіп, бельгиялық клубқа Еуропа лигасының жалпы кезеңіне жол берді.
Нәтижесінде алматылық команда Конференция лигасының жалпы кезеңіне өтті. Қазан мен желтоқсан айлары аралығында «Қайратты» алты матч күтіп тұр.
«Қайраттың» Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі матчтар кестесі
1-тур. 15 қазан
«Рига» - «Қайрат»
2-тур. 22 қазан
«Қайрат» - «Панатинаикос»
3-тур. 5 қараша
«Аталанта» - «Қайрат»
4-тур. 26 қараша
«Қайрат» - «Мьельбю»
5-тур. 10 желтоқсан
«Қайрат» - «Университатя» (Крайова)
6-тур. 17 желтоқсан
«Твенте» - «Қайрат»