«Қайрат» Конференция лигасындағы маусымның алғашқы матчын өткізді
15 қазанда «Қайрат» УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің алғашқы туры аясында матч өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алматылық команда Конференция лигасындағы жолын Латвияның «Рига» ФК-на қарсы сырт алаңдағы матчпен бастады.
Командалар ойынның алғашқы бөлігінде голдармен алмасты. Қонақтар матчтың ең басында алға шықты. Испаниялық легионер Марк Гуаль пенальтиді дәл орындап, есеп ашты.
Алайда бірнеше минуттан кейін ригалық команда Салах М'Хандтың дәл соққысының арқасында есепті теңестірді.
27-минутта ригалықтар алға шығуға тамаша мүмкіндік алды. Яакко Оксанен алматылықтардың қақпасына пенальти алып келді, алайда Темірлан Анарбеков 11 метрлік соққыны қайтарып, допты сенімді түрде ұстап алды.
Матчта бұдан әрі гол соғылған жоқ. Командалар 1:1 есебімен тең түсіп, жалпы кезеңдегі алғашқы ұпайларына қол жеткізді. «Қайрат» Конференция лигасындағы келесі матчын 22 қазанда өткізеді. Алматылықтар өз алаңында грек клубы «Панатинаикосты» қабылдайды.
УЕФА Конференция лигасы
жалпы кезең, 1-тур
«Рига» – «Қайрат» 1:1
Голдар: М'Ханд, 12 – Гуаль, 5, пенальтиден