«Рига» – «Қайрат». Конференциялар лигасының матчын онлайн көру. LIVE-трансляция
Бейсенбі, 15 қазанда алматылық «Қайрат» Конференциялар лигасы жалпы кезеңінің бірінші туры аясындағы матчта сырт алаңда латвиялық «Ригамен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Ригадағы «Сконто» стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады. «Рига» — «Қайрат» матчының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
«Қайрат» еурокубоктағы маусымын Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастады. Алматылық команда бұл кезеңде черногориялық «Сутьеска» мен кипрлік «Омониядан» басым түсті, алайда кейін болгариялық «Левскиге» жол берді.
Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде алматылықтар бельгиялық «Андерлехттен» жеңіліп, Конференциялар лигасындағы өнерін жалғастырды.
Турнирдің жалпы кезеңінде «Қайрат» сондай-ақ грек клубы «Панатинаикоспен», италиялық «Аталантамен», Крайова қаласының румындық «Университатясымен», нидерландтық «Твентемен» және шведтік «Мьельбюмен» кездеседі.