Қазақстандық төрешілер Конференция лигасының матчына төрелік етеді
Қазақстандық төрешілер бригадасы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңі аясындағы Бельгияның «Гент» және Данияның «Орхус» командалары арасындағы матчқа төрелік етеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Гент» - «Орхус» матчы 15 қазанда Бельгияда өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 21:45-те басталады.
Матчтың бас төрешісі болып Булат Сариев тағайындалды. Оған қапталда Сергей Васютин мен Денис Лабашов көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Саят Қарабаев атқарады.
Бейнеқайта қарау жүйесіне (VAR) испаниялық Хуан Мартинес жауап береді. Оның көмекшісі болып қазақстандық Айдын Тассыбаев тағайындалды.

Айта кетейік, биылғы маусымда бас төреші Булат Сариев, сондай-ақ қапталдағы төрешілер Сергей Васютин мен Денис Лабашов еурокубок матчтарына төрелік етіп үлгерді.
Олар Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің екінші турында Швейцарияның «Тун» және Хорватияның «Динамо Загреб» командалары арасындағы (1:1) кездесуде, сондай-ақ Конференция лигасының іріктеу кезеңінің үшінші турында Солтүстік Македонияның «Шкендия» және Шотландияның «Хиберниан» командалары арасындағы матчта жұмыс істеді. Аталған ойындарда қазақстандық бас төреші бес-бес сары қағаздан көрсетті.