Видео: 19 жастағы «ПСЖ» ойыншысы Чемпиондар лигасының финалында 20 минутта гол соғып, нәтижелі пас берді
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
31 мамырдан 1 маусымға қараған түні Чемпиондар лигасының финалдық ойыны «ПСЖ» пен «Интер» арасында өтуде.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Матчтың есебі 12-минутта ашылды. Париждіктердің қорғаушысы Ашраф Хакими айып алаңының ортасында тамаша ашылып, допты бір түрту арқылы «Интер» қақпасына жіберді. Ассисттің авторы 19 жастағы Дезире Дуэ болды.
20-минутта Дуэ өзінің голын соға алды. «ПСЖ» допты алаң сызығында ұстап, жылдам қарымта шабуыл ұйымдастырды - Усман Дембеле доппен алаңның үлкен бөлігін жүгіріп өтіп, Дуэ пас берді, ол тамаша соққымен рикошеттен соң «Интер» қақпасын дәл көздеді.
Чемпиондар лигасы. Финал. 1 маусым
«ПСЖ» (Франция) - «Интер» (Италия) - 1:0
Голдар: Хакими, 12, Дуэ, 20.
Гол. Дуэ, 20 мин.