ПСЖ - «Интер». Онлайн көру. Live трансляция
Француз клубы алғаш рет чемпион атануды көздесе, итальяндықтар төртінші рет жеңіске жетуді қалайды
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images
31 мамыр күні Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц Арена» стадионында 2024/2025 жылғы маусымның УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы өтеді. Бұл ойында Францияның «Пари Сен-Жермен» командасы мен Италияның «Интер» клубы чемпиондық атаққа таласады.
Матчтың басталуы Астана уақытымен 00:00-ге жоспарланған. Ойынның басты төрешісі — румындық Иштван Ковач. Финалдық матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
«ПСЖ» тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атануды көздеп отыр. Ал «Интер» өз тарихында төртінші рет чемпион болуды мақсат етіп отыр.