«Уотфорд» – «Бернли»: Сатпаев ойнай ма?
10 қазанда ұлттық құрамалар матчтарына байланысты үзілістен кейін Англия Чемпионшипіндегі ойындар қайта жалғасады. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев өнер көрсететін «Бернли» тоғызыншы турда сырт алаңда «Уотфордқа» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойынның алғашқы ысқырығы Қазақстан уақытымен 19:00-де естіледі. Кездесудің тікелей трансляциясы осы сілтемеде қолжетімді болады. Матчтың бас төрешісі – Эндрю Мэдли.
18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың бүгін жарақатынан кейін алаңға қайта оралуға мүмкіндігі мол. Ол ойынды қосалқы құрамда бастайды және кейін алаңға ауысып шығуы мүмкін.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Сатпаев Чемпионшип аясында «Мидлсброға» қарсы өткен матчта 81 минут ойнады. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстандық футболшы матчтың үздік ойыншысы деп танылды. Осыдан кейін футболшының жарақат алғаны белгілі болды.
Жарақатына байланысты Дастан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы барлық матчтарын өткізіп алды. Қазақстандық вундеркинд «бордолылар» сапында барлық турнирде төрт матч өткізді (әзірге нәтижелі әрекеті жоқ).
