Мықты: «Барыс» ҚХЛ-да «Авангардты» тас-талқан етті
10 қазанда «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы матчта өз айдынында омбылық «Авангардты» ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесудің басында алаң иелері қақпаларынан гол жіберіп алды. Алайда бұл қазақстандық команда хоккейшілерін еш абыржытпады: олар қарсыласының қақпасына жауап ретінде бес шайба соқты.
Бірінші кезеңде Тайс Томпсон есепті теңестірді. Екінші 20 минутта Джастин Бэйли мен Логан Дэй Астана командасының пайдасына 3:1 есебін орнатты. Ал шешуші кезеңде сол Бэйли мен Томпсон қорытынды есепті 5:1-ге жеткізді.
Бұл нәтиже Михаил Кравец командасына 16 ұпаймен ҚХЛ-дың Шығыс конференциясындағы үздік үштікке енуге мүмкіндік берді. «Авангард» 12 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.
12 қазанда «Барыс» Астанадағы мұз сарайында «Сибирьге» қарсы матчпен үйдегі ойындар сериясын жалғастырады.
«Барыс» (Астана) – «Авангард» (Омбы) 5:1 (1:1, 2:0, 2:0)
0:1 - Якупов (Чистяков, Рашевский) - 04:06 УП
1:1 - Томпсон (Логвин, Приски) - 08:12
2:1 - Бэйли (Данияр См., Дэй) - 23:51
3:1 - Морелли (Дэй, Симонов) - 36:02 УП
4:1 - Бэйли (Данияр См., Пилон) - 43:19
5:1 - Томпсон (Симонов, Морелли) - 56:44 БК
Қақпашылар: Шутов - Серебряков