locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жігіттердің жағдайын түсінемін, оларға қиын». Нурдаулетов «Жетісудағы» жалақының кешігуі туралы

Қаржылық қиындықтарға қарамастан, команда Алматыда сенсация жасауға сәл қалды
ФОТО: «Жетысу»

«Жетісу» командасының бас бапкері Қайрат Нурдаулетов клубтағы жалақының кешігуі туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Жігіттерге қиын. Үйде отбасы қиналып, ашығып отырғанда, олардың психологиялық жағдайын түсінемін. Бірақ жігіттерге үлкен рақмет. Осындай қиындықтарға қарамастан, олар кәсібилігін көрсетті. Айтпақшы, футболда өзіңді емес, бойыңдағы футболды сүю керек. Олар мұны жасай алды», - деді Нурдаулетов.

Еске салайық, 10 қазанда ҚПЛ-дің 28-туры аясындағы матчта Алматының «Қайраты» талдықорғандық «Жетісуды» қабылдады. Кездесу алаң иелерінің 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Осы жеңілістен кейін «Жетісу» 22 ұпаймен соңғы орында қалды.

Бұған дейін талдықорғандық команданың ойыншылары үш айдан астам уақыт бойы жалақы алмағаны туралы ақпарат тараған еді.

Бағдат Асылбек
Репортер ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie