Қуғыншыларға мүмкіндік: «Астана» «Тобылдан» жеңілді
Елорданың «Астанасы» Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясындағы матчта «Тобылға» қонаққа барды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
28-минутта Амин Талал көзге түсіп, Қостанай командасын алға шығарды. Қонақтар екінші таймның басында Карло Бартолецтің дәл соққысымен жауап берді.
Алайда соңғы сөз бәрібір алаң иелерінде қалды. Виталий Лисакович 61-минутта қостанайлық командаға үш ұпай сыйлады. Бір қызығы, Лисакович гол соғылғанға небәрі екі минут қалғанда алаңға ауыстыру арқылы шыққан еді.
Осы нәтижеден кейін Григорий Бабаян шәкірттері 48 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде үшінші орында қалды. Олардан «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» үш ұпайға қалып келеді. Ал «Тобыл» 37 ұпай жинап, турнирлік кестеде жетінші орынға жайғасты.
ҚПЛ, 28-тур
«Тобыл» — «Астана» 2:1 (1:0)
Голдар: Талал 28, Лисакович 61 - Бартолец 52