locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қызылжар» төмен түсуге үміткерлер айқасында «Ертісті» жеңді

Петропавлдық ұжым элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалуды іс жүзінде қамтамасыз етті
ФОТО: Кызылжар
Қазақстан Премьер-Лигасы
24.10.2026, 07.00
Кызылжар
-
Улытау
-

Петропавлдық «Қызылжар» Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясындағы матчта павлодарлық «Ертісті» жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл жекпе-жектің ерекшелігі – екі команда да жоғары дивизионнан түсіп қалу қаупі бар ұжымдар санатында. Сондықтан жеңіс элиталық дивизиондағы орынды сақтап қалу тұрғысынан аса маңызды болды.

Қонақтар 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, әр таймда бір-бір голдан соқты. Алдымен Айбол Әбікен кездесудің тоғызыншы минутында есеп ашып, павлодарлық команданың қақпасын дәл көздеді. Ал матчтағы соңғы нүктені пенальтиді сәтті орындаған Лиридон Латифи қойды.

Бүгінгі жеңістің арқасында «Қызылжар» 27 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орынға көтерілді. «Ертіс» 26 ұпаймен 12-сатыда тұр.

ҚПЛ, 28-тур

«Ертіс» – «Қызылжар» 0:2

Голдар: Әбікен, 9, Латифи, 71, пенальтиден

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie