Уэльс – Португалия: Ұлттар лигасының матчын онлайн көру
17 қарашадан 18 қарашаға қараған түні Нидерланд пен Грекия құрамалары УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің алтыншы турында кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы турындағы матч Кардифф қаласындағы «Кардифф Сити» стадионында өтеді.
Уэльс – Португалия кездесуі 17 қарашадан 18 қарашаға қараған түні Қазақстан уақытымен 00:45-те басталады. Матчтың тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы көруге болады.
Соңғы тур алдында Португалия құрамасы А дивизионының 4-тобында бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Команда 12 ұпай жинап, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Ал Уэльс 3 ұпаймен соңғы, төртінші орында тұр.
Алдыңғы турда португалдар Даниядан ойсырай жеңілсе, уэльстіктер Норвегияға есе жіберді.
Айта кетейік, Ұлттар лигасының осы маусымындағы алғашқы өзара кездесуде Португалия Уэльсті 1:0 есебімен жеңген.