ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін іздейтінін мәлімдеді
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Скотт Манн Джон ван ’т Схиппен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылданғанын хабарлады, деп жазады Sports24.kz.
Функционердің айтуынша, нидерландтық маманмен жасалған келісім осы аптаның соңында аяқталады. Келісімшарт мерзімі біткен соң федерация ұлттық құраманың жаңа бапкерін іздеуге кіріспек.
«Келісімшартты ұзартпаймыз және Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде құраманы дайындайтын, ұзақ мерзімге жұмыс істейтін жаңа бапкерді іздеуді бастаймыз», - деді Манн баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, Джон ван ’т Схип 2026 жылдың тамызында Талғат Байсуфиновтың орнына ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Нидерландтық маманның алдында құраманы B лигасына шығару міндеті тұрды, алайда оны орындай алмады.
Қазақстан құрамасы С3 тобындағы өнерін төртінші, соңғы орында аяқтады. Команда алты матчта үш ұпай жинап, бірде-бір рет жеңіске жете алмады: үш рет тең түсіп, үш рет жеңілді.