«Барыс» Шығыс конференциясының көшбасшысын жеңіп, ҚХЛ рейтингінде 12 сатыға көтерілді
Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) 2026/2027 маусымының оныншы аптасының қорытындысы бойынша командалардың жаңартылған күш рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Астаналық «Барыс» рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартты. Михаил Кравецтің командасы бірден 12 сатыға көтеріліп, енді сегізінші орында тұр.
Рейтинг командалардың осы маусымдағы нәтижелері ескеріліп, математикалық жолмен есептелетін арнайы Күш индексі негізінде жасалады.
Күш индексі командалардың қазіргі бабын көрсетеді: тұрақты чемпионатты барлық клуб бірдей ұпаймен бастады. Негізгі уақытта жеңіске жеткен команда қарсыласының ұпайының 25 пайызын, ал овертаймда немесе буллиттер сериясында жеңіске жеткен ұжым 12,5 пайызын иеленеді.
Осылайша, индекс тек жеңістерді ғана емес, қарсыластардың деңгейін де ескере отырып, командалардың қазіргі бабын бағалауға мүмкіндік береді.
Еске салайық, «Барыс» алдыңғы матчта магнитогорскілік «Металлургті» 5:4 есебімен жеңді. Бұған дейін астаналықтар владивостоктық «Адмиралды» да (4:2) ұтқан еді.
Михаил Кравецтің командасы келесі матчын 18 қарашада сырт алаңда уфалық «Салават Юлаевқа» қарсы өткізеді.
26 ойыннан кейін «Барыстың» еншісінде 29 ұпай бар. Команда Шығыс конференциясында бесінші орында келеді.