locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

УЕФА Джанни Инфантиноның ФИФА президенті сайлауындағы қарсыласын таңдады

ФИФА президентінің сайлауы 2027 жылғы 18 наурызда өтеді
Футбол
УЕФА Джанни Инфантиноның ФИФА президенті сайлауындағы қарсыласын таңдады
ФОТО: УЕФА

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президентінің алдағы сайлауына түсетін кандидатты таңдады. Ол — Франция футбол федерациясының басшысы Филипп Диалло, деп хабарлайды Sports24.kz.

Шешім 16 қарашада УЕФА президенті Александер Чефериннің төрағалығымен өткен отырыста қабылданды. Еуропаның ұлттық қауымдастықтарының өкілдері 63 жастағы функционердің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Диаллоның өзі сайлауға қатысуға келісім берді. 17 қарашада оның кандидатурасын Франция футбол федерациясының атқарушы комитеті ресми түрде бекітеді деп күтілуде. Осыдан кейін қажетті құжаттар ФИФА-ға жолдануы керек. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 18 қараша.

Диалло 2023 жылғы қаңтардан бері Франция футбол федерациясын басқарып келеді. Бұған дейін Францияның кәсіби клубтарының мүддесін қорғайтын ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ ФИФА-ның дауларды шешу құрылымдарында жұмыс істеген.

ФИФА президентінің сайлауы 2027 жылғы 18 наурызда Марокконың Рабат қаласында өтеді. Француз функционерінің басты қарсыласы — ұйымның қазіргі басшысы Джанни Инфантино. Ол төртінші мерзімге қайта сайлануды көздеп отыр. Инфантино ФИФА-ны 2016 жылдан бері басқарып келеді.

Сонымен қатар, бұған дейін Жапония футбол қауымдастығының құрметті президенті Кодзо Тасима мен Швейцария құрамасының бұрынғы қорғаушысы Рамон Вега да сайлауға қатысу ниетін мәлімдеген.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie