locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Манн Байсуфиновтың Қазақстан құрамасынан кетуіне қатысты мән-жайды ашып айтты

Команданың бұрынғы бапкерінің кетуі жоспарланбаған
Эксклюзивтер
Манн Байсуфиновтың Қазақстан құрамасынан кетуіне қатысты мән-жайды ашып айтты
ФОТО: КФФ

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн Талғат Байсуфиновтың ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен не себепті кеткенін айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Функционердің айтуынша, қазақстандық маманның бұл шешімі оған күтпеген жағдай болған. Манн Байсуфиновпен қоштасқысы келмегенін және бапкерлер құрамында тұрақтылық болғанын қалағанын мойындады.

«Мен ҚФФ-ға сәуірде келдім, жазда Венгриямен өткен матчты тамашаладым. Ол кезде бапкер Байсуфинов болатын. Англияға оралған соң, маған қоңырау шалып, оның қызметінен кететінін айтты. Бұл жоспарланған нәрсе емес еді. Ол жұмыстан кетті. Мен оның кеткенін қаламадым. Командада белгілі бір тұрақтылық болғаны маңызды деп санадым. Бірақ ол әртүрлі себептермен кетуге шешім қабылдады. Қазір мен сол себептерді жақсырақ түсінемін (ол кезде олардың кейбірін түсінбеген де шығармын). Елдің бас бапкері болу — зор жауапкершілік. Ал өзің сол елде туып, оның патриоты бола тұра, ұлттық құраманың бас бапкері болу қосымша қиындықтар туғызады. Ол осы елдің бүкіл ауыртпалығын өз иығына алды. Бұл тым ауыр еді, өте ауыр еді. Сол себепті ол маған кеткісі келетінін айтты. Мен оның шешімін құрметтеймін, бірақ таңдауым болған жоқ: ол кетуге шешім қабылдады, ал мен бұған ештеңе істей алмаймын», — деді Манн Астанадағы брифингте.

Еске салайық, Талғат Байсуфинов 2026 жылдың маусымында Қазақстан құрамасынан кетті. Кейін маман бұл шешімін тиімді жұмыс істеуге қажетті кәсіби жағдайлардың болмауымен, сондай-ақ бапкерлер штабына қолдаудың жеткіліксіздігімен түсіндірді.

Тамызда ұлттық құраманың тізгінін Байсуфиновтың орнына келген нидерландтық маман Джон ван ’т Схип ұстады.

Ал бүгін федерация Қазақстан құрамасының бас бапкерімен келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеді. Оның жетекшілігімен команда Ұлттар лигасында соңғы орын алды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie