locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хави Ұлттар лигасында Германиядан жеңілгеннен кейін шәкірттерін қатты сынға алды

Сонымен қатар маман ұлттық құраманың өнері үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады.
Футбол
ФОТО: Getty Images
УЕФА Ұлттар Лигасы. А Лигасы
16.11.2026, Аяқт.
Германия
5
Нидерланды
0

Нидерланд құрамасының бас бапкері Хави Ұлттар лигасында Германияға қарсы матчтың екінші таймындағы команданың ойынына көңілі толмады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жеңілістен кейін маман футболшылардың мінез танытпағанын және өзі бұған дейін айтқан құндылықтарға сай ойнамағанын мәлімдеді.

Журналистің екінші таймда команданың жанкештілігі мен жігерінен еш белгі қалмағанының себебі туралы сұрағына жауап берген Хави мәселе тактикада емес, ойыншылардың ойынға деген көзқарасында екенін мойындады.

«Бүгін футбол туралы айта алмаймыз, өйткені мәселе футболда емес, құндылықтар мен ұстанымдарда. Жауынгерлік рух болмаса, бәсекеге түсу мүмкін емес. Мен мұны ойыншыларға айттым. Әрдайым шындықты айтуға тырысамын. Бұл — өте қиын жағдай. Мен мұны түсінуге тырысып жүрмін, бірақ қолымнан келмейді. Үш күн бұрын ойынға деген көзқарас пен командалық құндылықтар тұрғысынан тамаша матч өткіздік. Ал бүгін бәрі керісінше болды. Енді қандай команда болғымыз келмейтінін анық білеміз. Тактиканы қанша талдасақ та болады, бірақ біз көрсеткен мінездің мүлде жоқтығы — басты мәселе», - деді бапкер.

Хави болған жайтқа көңілі қалғанын әрі мұңайғанын да айтып, матч басталар алдында командасын мақтан тұтқанын жеткізді. Сонымен қатар маман ұлттық құраманың өнері үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады.

«Бүгін біз ең нашар қырымызды көрсеттік, ал үш күн бұрын ең жақсы ойынымызды көрсеткен едік. Мұны үдерістің бір бөлігі деп ойлаймын. Мен мұнда жаңадан келген адаммын, елдің мәдениетін түсінуге тырысып жүрмін. Бірақ бізге көбірек мінез бен дұрыс құндылықтар керек. Әйтпесе ештеңе шықпайды», - деп қосты Хави.

Еске сала кетейік, Германия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы топтық кезеңнің соңғы турында Нидерландты 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie