locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚФФ Джон ван ’т Схиптің Қазақстан құрамасындағы жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

Бұл туралы Скотт Манн БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты
Эксклюзивтер
ҚФФ Джон ван ’т Схиптің Қазақстан құрамасындағы жалақысына қатысты мәлімдеме жасады
ФОТО: КФФ

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Скотт Манн ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Схиптің жалақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Баспасөз мәслихаты кезінде Манннан нидерландтық маманның жалақысы туралы ақпаратқа түсініктеме беруін сұрады. Бұған жауап ретінде ҚФФ бас хатшысы бапкердің бұрынғы бапкерден көбірек жалақы алады деген қауесетті жоққа шығарды.

«Джон ван ’т Схиптің жалақысы туралы сандыраққа түсініктеме бергім келмейді. Ол Байсуфиновпен бірдей жалақы алады. Сондықтан бұл тақырыпты өршітудің қажеті жоқ», - деді Манн.

Еске салайық, Джон ван ’т Схип 2026 жылдың тамызында Талғат Байсуфиновтің орнына ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Нидерландтық маманның алдында құраманы В лигасына шығару міндеті тұрды, алайда оны орындай алмады.

Қазақстан құрамасы С3 тобындағы ойындарын соңғы, төртінші орында аяқтады. Алты матчта команда үш ұпай жинап, бірде-бір жеңіске жете алмады: үш рет тең түсіп, үш рет жеңілді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie