locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Инфантиноға жауап: УЕФА өз әлем чемпионатын дайындауда

Әлемдік Ұлттар Лигасы тоғыз жыл бұрын жасалған жобадан бастау алған
Инфантиноға жауап: УЕФА өз әлем чемпионатын дайындауда
ФОТО: КФФ

ФИФА-ның турнирді басқару құқықтарының бір бөлігін сатуға қатысты бастамасына жауап ретінде тоқсаннан астам қауымдастық әлем чемпионатын бойкоттауға кірісті. Білсеңіз, тоғыз жыл бұрын-ақ УЕФА ұлттық құрамалар арасындағы басты турнирдің балама жобасын дайындап қойған екен, деп хабарлайды Sports24.kz.

Sky Sports дерегінше, Еуропа футболының басты органы 2017 жылы-ақ Global Nations League атты турнир жобасын жасаған. Бұл форматта әлем чемпионаты әртүрлі дивизиондарда өтетін жеті финалдық турнирден тұратын еді. Әр турнирге сегіз ұлттық құрама қатысар еді – бұл УЕФА Ұлттар Лигасы форматына ұқсас.

Ең күшті дивизионда үш еуропалық, екі Оңтүстік Америкалық және Африка, Азия мен Солтүстік Америкадан бір-бірден команда қатысуы жоспарланған.

ФИФА клубтық әлем чемпионатына басымдық бергеннен кейін бұл жобаны тоқтатуға тура келген.

Еске салсақ, бұған дейін УЕФА мен КОНКАКАФ-тың барлық мүшелері ФИФА-ның әлем чемпионатын жеке компанияға өткізу құқығын сату шешіміне жауап ретінде ұлттық құрамалар деңгейіндегі турнирлерді бойкоттауға шешім қабылдаған болатын.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie