locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жалғыз дұрыс шешім» – Умар Кремлев ресейлік боксшылардың олимпиадалық боксқа оралуына пікір білдірді

Функционер бокстағы оқиғаларға қатысты өз көзқарасын айтты
«Жалғыз дұрыс шешім» – Умар Кремлев ресейлік боксшылардың олимпиадалық боксқа оралуына пікір білдірді
ФОТО: sportball24.com

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) басшысы Умар Кремлев World Boxing ұйымының барлық жас санатындағы ресейлік боксшыларды ұлттық туымен және әнұранымен бірге барлық халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«World Boxing-қа алғыс айтамын. Бұл – жалғыз дұрыс шешім. Пьедесталға саясат емес, спортшыны қойғандарына қуаныштымын — бұл тағы да бокстың спортшылар үшін екенін дәлелдейді. Ту мен әнұран – әрбір спортшының жүрегі мен жаны. Ресейлік боксшылар олимпиадалық боксқа оралады және Лос-Анджелестегі Олимпиадада бүкіл әлемге нағыз, әдемі әрі қуатты жекпе-жектерді көрсетеді – әрі мұны өз туы мен әнұраны астында жасайды. World Boxing-қа бастамаларына сәттілік тілеймін»

Бұған дейін Ресей Олимпиада комитетінің төрағасы Михаил Дегтярев ресейлік спортшылардың барлық жас санатындағы турнирлерге қатысуға рұқсат алғанын мәлімдеген болатын. Ол спорттық байланысты қалпына келтіру мәселесін World Boxing президенті, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен 2026 жылдың қаңтарында Ташкентте өткен кездесуде талқылағанын атап өтті.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті World Boxing-ті дүниежүзілік деңгейде боксты басқаратын халықаралық ұйым ретінде мойындады. Бұл шешім әуесқой бокстағы бірқатар төрешілік даулардан кейін қабылданды. World Boxing-ті әлемдік спорттың аңызы, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Геннадий Головкин басқарады. Бұған дейін орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ұйым басшысы ретінде өз басымдықтарының – спортшылардың мүдделерін қорғау, адалдық, инновация, қаржылық тұрақтылық және даму екенін мәлімдеген болатын.

Темірбеков Самрат
Темірбеков Самрат
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie