locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бояркин «Барыстағы» кадрлық тазалауға ілікті

Никита Бояркин мен Тамирлан Гайтамиров — енді астаналық клубтың ойыншылары емес
«Барыс» екі хоккейшісімен қоштасты
ФОТО: «Барыс»

ХК «Барыс» екі хоккейшісімен – қақпашы Никита Бояркин және қорғаушы Тамирлан Гайтамировпен келісімшартты бұзғанын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

КХЛ клубының мәлімдемесінде, бұл шешім клубтың бастамасымен, спорттық қағидалар мен «Барыстың» қазіргі трансферлік жағдайына байланысты қабылданғаны айтылған. Қоштасу сөзінде клуб басшылығы хоккейшілерге бірге өткізген уақыт үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік тіледі.

27 жастағы Бояркин «Барысқа» 2021 жылдың жазында «Теміртаудан» ауысып келген болатын. 2023/2024 маусымын команданың қосалқы құрамы «Номадта» өткізді. Жалпы, қақпашы КХЛ деңгейінде 102 матчқа қатысып, оның 15-ін өткен маусымда өткізді.

25 жастағы Гайтамиров болса, өзінің хоккейшілік мансабын дәл осы «Барыста» 2020 жылы бастап, негізгі командамен қатар «Номад» сапында да өнер көрсетті. Өткен маусымның көп бөлігін ол дәл осы «Номадта» өткізіп, 28 матчта үш шайба соғып, алты нәтижелі пас берді.

Континенталдық хоккей лигасындағы 17 матчта Гайтамиров бір ғана нәтижелі паспен көзге түсті.

ФОТО: «Барыс»
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie