locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Тобыл» — «Ордабасы» матчінің кейінге шегерілуіне қатысты ҚПЛ ресми мәлімдемесі

ФОТО: KFF league

ҚР Премьер-лигасы 18 мамырға жоспарланған «Тобыл» мен «Ордабасы» арасындағы матчтің кейінге шегерілуіне байланысты ресми түсініктеме берді.

2025 жылдың 17 мамырында «Ордабасы» командасы ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан қаласынан Қостанайға ұша алмады. Бұл туралы клуб ресми түрде Қазақстан футбол федерациясы дирекциясын және қарсылас команда «Тобылды» хабардар етіп, тиісті хат жолдады.

Сол күні-ақ лига жанкүйерлерді алдын ала хабардар ету мақсатында ресми Telegram-арнасы мен әлеуметтік желілер арқылы матчтің шегерілуі мүмкін екенін жариялады.

Келесі күні авиакомпания мен әуежайдан рейстің орындалмауына байланысты ресми құжаттар ұсынылды. Осыдан кейін ҚПЛ дирекциясы екі клубқа өзара келісім бойынша жаңа күнді анықтауды ұсынды.

Алайда «Тобыл» тарапынан матчті белгіленген тәртіптен тыс өткізу немесе «Ордабасыға» техникалық жеңіліс беру ұсынысы жасалды. Сондай-ақ, 19 мамырда ойынды өткізуді талап етті, дегенмен жағдайдың объективті себептері болған.

Лига барлық клубтарға бірдей қарау қағидатын ұстанады. Турнир күнтізбесі бір ережеге сай жасалады және барлық қатысушылар тең жағдайда болады.

Осындай форс-мажорлық жағдайлар бұған дейін де болған. Атап айтқанда, 2016 жылы «Тобыл» командасы ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырауға ұша алмай, матч кейінге шегерілген болатын.

ҚПЛ барлық клубтарды өзара сыйластыққа, объективтілікке және адал бәсеке рухын сақтауға шақырады. Барлық шешімдер регламентке сай, ресми құжаттар негізінде және ұлттық біріншіліктің тұрақтылығы үшін қабылданады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie