Шымкенттікше жасады: «Тобыл» «Ордабасының» жағдайдын форс-мажор деп санамай, техникалық жеңіс талап етуде
ФК «Тобыл» «Ордабасы» клубымен өтетін ойынның кейінге қалдырылуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.
Клуб матч басталуына небәрі бес сағат қалғанда Премьер-Лига дирекциясынан ойынның белгісіз мерзімге шегерілуі туралы хабарлама алғанын айтты. Бұл көптеген мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдардың алдын ала жоспарлаған жұмысына кері әсер еткен.
«Тобыл» матчты бір күнге – 19 мамырға ауыстыру нұсқасын қарастыруға дайын болғанын атап өтті. Бұл шешім «Ордабасы» командасына Костанайға уақтылы жетуге және көлік мәселесін шешуге мүмкіндік берер еді. Сонымен қатар, костанайлық клуб қарсылас командаға логистика бойынша көмек көрсеткенін жеткізді.
Алайда, «Тобыл» ойынның кейінге қалдырылу себебін форс-мажор деп есептемейді. Клубтың пікірінше, «Ордабасы» жолға шығар алдында барлық тәуекелдерді алдын ала ескеріп, осындай жағдайға жол бермеуі тиіс еді.
Сондай-ақ, матчтың соңғы сәтте кейінге қалдырылуын жанкүйерлерге құрметсіздік деп санады. Себебі билеттердің басым бөлігі сатылып кеткен, ал көпшілік өз уақытын арнайы осы ойынға арнаған болатын.
«Тобыл» билеттердің ақшасы толық қайтарылатынын мәлімдеді және жанкүйерлерге кез келген жағдайда қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.