locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Футбол алаңындағы үнсіздік: «Тобол» мен «Ордабасы» Виктория Кайсаринованы еске алды

Матч Павлодардағы ауыр жол апатында қаза тапқан жас қорғаушыға құрметпен басталды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Футбол алаңындағы үнсіздік: «Тобол» мен «Ордабасы» Виктория Кайсаринованы еске алды
ФОТО: скриншот

«Тобол» мен «Ордабасы» арасындағы кездесудің алдында футболшылар мен жанкүйерлер бір минуттық үнсіздік жариялап, қаза болған «Жеңіс» клубының ойыншысы Виктория Кайсаринованы еске алды.

23 қыркүйекте Павлодар – Астана тас жолында болған қайғылы жол апаты жас спортшының өмірін қиды. Виктория алған ауыр жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Ол бар болғаны 19 жаста еді.

Қорғаушы позициясында өнер көрсеткен Кайсаринова биылғы маусымда 17 матчқа қатысып, олардың 14-інде негізгі құрамнан алаңға шыққан болатын. Оның ерте үзілген өмірі қазақстандық футбол жанкүйерлерін терең қайғыға батырды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie