locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

Оның өкінішке толы реакциясы матчтың тікелей эфиріне түсті
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Қазақстан құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды
ФОТО: Getty images

Шымкенттің «Ордабасы» қорғаушысы Қостанайда өткен Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген ойынында ауыр жарақат алды.

Компенсациялық уақытта «Ордабасы» қорғаушысы Улар Жақсыбаев қарсылас ойыншымен қапталда қақтығысып қалғаннан кейін өздігінен тұра алмады. Алғашқы медициналық көмекті алаңға жүгіріп шыққан команданың дәрігерлері көрсетті, кейін олар футболшыны зембілге салып алып кетті. Тікелей эфирде жарақат алған футболшының көз жасы мен айқайы анық естілді. Ресми расталмаған ақпарат бойынша, ойыншыда айқасқан байламдардың үзілуі күдік тудырды.

30 жастағы Улар Жақсыбаев — «Ордабасы» қорғаушысы. Ол Қазақстан құрамасы сапында үш матчқа қатысқан. Оның ұлттық құрамадағы дебюті былтыр қазан айында Австрияға қарсы сырт алаңда өткен. Сондай-ақ, Уэльс пен Бельгияға қарсы кездесулерде де ойнады.

Қостанайда өткен 9-турдың кейінге қалған матчында «Тобыл» мен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды Ислам Чесноков соқты.

4 қазан күні осы командалар Қазақстан кубогының финалында кездеседі. Бұл кездесуде, бәлкім, Улар Жақсыбаев алаңға шыға алмайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie