locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Өткен маусымдағы Премьер-лиганың үздік ойыншысы анықталды

Бруну Фернандеш 2026 жылғы PFA нұсқасы бойынша «Жылдың үздік ойыншысы» атанды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Юнайтедтің» көшбасшысы Бруну Фернандеш 2025/26 маусымындағы керемет өнерін тағы бір беделді жеке жүлдемен толықтырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

SullyTalkz мәліметінше, «МЮ» капитаны 2026 жылғы PFA нұсқасы бойынша «Жылдың үздік ойыншысы» атанды. Бұл туралы ресми хабарлама бүгін кешке Манчестерде жарияланады.

Бұған дейін Фернандеш PFA-ның басты ерлер жүлдесіне ұсынылған алты финалисттің қатарына ресми түрде енген болатын. Оның басты бәсекелестері шорт-листте – «Манчестер Ситидің» футболшылары Райан Черки мен Эрлинг Холанд, сондай-ақ «Арсеналдың» үштігі: Габриэль Магальяйнш, Давид Райя және Деклан Райс.

PFA-ның «Жылдың үздік ойыншысы» марапаты ерекше беделді, өйткені оны футболшылар өздері дауыс беру арқылы анықтайды. PFA мүшелері маусым бойы ең үздік нәтиже көрсеткен ойыншыларды таңдайды.

Айта кетейік, португалиялық футболшы бұған дейін 2025/26 маусымының EA SPORTS нұсқасы бойынша Премьер-лиганың үздік ойыншысы және маусымның «Үздік плеймейкері» атанған еді. Португалиялық жартылай қорғаушы лигада маусымды рекордтық 21 нәтижелі паспен аяқтап, Тьерри Анри мен Кевин Де Брюйне орнатқан бұрынғы 20 пас рекордын жаңартты, сондай-ақ тоғыз гол соқты.

Еске сала кетейік, «Манчестер Юнайтед» 2026/27 маусымының АПЛ-дегі алғашқы ойынын сенсациялық түрде «Халл Ситиден» (0:2) ұтылып, маусымды ұпайсыз бастады.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie