locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атлетико Мадрид» – «Манчестер Юнайтед». Чемпиондар лигасының матчын тікелей эфирде көру

Екінші тур қарсаңында испаниялық клубтың еншісінде ұпай жоқ, ал ағылшындық команда үш ұпай жинаған
«Атлетико Мадрид» – «Манчестер Юнайтед». Чемпиондар лигасының матчын тікелей эфирде көру
ФОТО: instagram.com/manutd/

13 қазанда Мадридтің «Атлетико» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур аясында «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Испания астанасындағы «Метрополитано» стадионында өтетін матчтың басталу ысқырығы Астана уақытымен сағат 00:00-де естіледі. Кездесудің тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы көруге болады.

Чемпиондар лигасының бүгінгі матчына арналған болжамды құрамдар:

«Атлетико»: Облак; Льоренте, Ромеро, Пубиль, Ганцко; Симеоне, Барриос, Хьюльманн, Баэна; Ли, Альварес.

«Манчестер Юнайтед»: Ламменс; Йоро, Магуайр, Мартинес, Далот; Балеба, Тилеманс, Фернандеш; Мбеумо, Рэшфорд, Кунья.

Айта кетейік, мадридтік клубтың барлық ойыншысы алдағы матчқа қатысуға дайын. Ал «Манчестер Юнайтед» сапында жарақатына байланысты қақпашылар Карл Дарлоу мен Том Хитон, қорғаушылар Маттейс де Лигт, Люк Шоу, Патрик Доргу мен Нуссаир Мазрауи, жартылай қорғаушылар Коби Майну мен Мануэль Угарте, сондай-ақ шабуылшы Беньямин Шешко кездесуіне қатыса алмайды.

Бірінші турда «Атлетико» сырт алаңда «Ливерпульге» 1:2 есебімен есе жіберді. Ал «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Сабахты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Еске салайық, Бакудің «Сабах» клубында Чемпиондар лигасында өнер көрсететін жалғыз қазақстандық футболшы Стас Покатилов ойнайды. Бүгін оны француздық «Лансқа» қарсы кездесу күтіп тұр.

Стас Покатилов Чемпиондар лигасында тағы да ойнай ма? Тікелей эфир

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie