ВИДЕО: Бекен мен Ергашев жекпе-жектен кейін гонорарға байланысты төбелес шығарды
Қазақстандық боксшы Дастан Бекен мен өзбекстандық Шохжаһон Ергашев Ташкентте өткен IBA Nomad 16 жұдырықтасу турниріндегі жекпе-жектен кейін төбелес шығарды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жекпе-жектен кейін өзбекстандық боксшы бұған дейін керісінше уәде бергеніне қарамастан, гонорарын қазақстандыққа бермейтінін мәлімдеді. Ергашев қарсыласын нокаутқа түсіре алмаса, гонорарын оппонентіне беруге уәде еткен болатын. Алайда ол төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
«Гонорарға қатысты айтар болсам, осыдан кейін сөйлесіп, бұл мәселені сол жерде жаптық. Мен Nomad лигасымен сөйлестім — гонорарларымыздың арасында өте үлкен айырмашылық болды. Менің гонорарым 15, тіпті 20 есе көп! Айқайлай беріңдер, айқайлай беріңдер! Мен — бас әріппен жазылатын адаммын, маған бәріне болады!», - деді Ергашев.
Өзбекстандықтың бұл сөздері залдағы көрермендердің ысқырығына ұласты. Ал Бекен қарсыласына тап беріп, нәтижесінде олардың арасында төбелес басталды.
Айта кетейік, бұл Ергашев үшін Nomad Fighting лигасындағы дебюттік жекпе-жек болса, Бекен промоушендегі үшінші кездесуін өткізді (бір жеңіс және екі жеңіліс).
Жекпе-жекшілер арасындағы төбелестің видеосын төменнен көре аласыздар.