АҚШ көшбасшысынсыз қалды. Аустралиямен матчқа арналған құрамдар жарияланды
2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі АҚШ пен Аустралия арасындағы матчқа шығатын негізгі құрамдар жарияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.
АҚШ: Фриз - Фримен, Ричардс, Рим, Робинсон - Маккенни, Адамс, Тиллман - Дест, Пепи, Балоган.
Аустралия: Бич - Бос, Берджесс, Суттар, Чиркати, Италиано - Леки, О’Нил, Окон-Энгстлер, Велупиллай - Туре.

Айта кетейік, АҚШ құрамасының көшбасшыларының бірі Кристиан Пулишич бұл матчқа қатыспайды. 27 жастағы футболшы балтыр бұлшықетіндегі жарақатына байланысты ойыннан тыс қалды.
Кездесу Сиэтл қаласында өтеді және Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Матчқа тікелей көрсетілім.
Бірінші турда АҚШ Парагвайды 4:1 есебімен сенімді түрде жеңсе, Аустралия турнирдің басты сенсацияларының бірін жасап, Түркияны 2:0 есебімен ұтқан болатын.