locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Даулы оқиға: тележүргізуші Мессидің әкесінің қайтыс болғанын қате хабарлап, жұмыстан қуылды

Флоренсия Пенья жалған ақпарат үшін жазасын алды
ФОТО: instagram.com/flor_de_p

Аргентиналық тележүргізуші Флоренсия Пенья Лионель Мессидің әкесіне қатысты дау-дамайға тап болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

L'Equipe мәліметінше, Аргентинаның Luzu TV арнасында жұмыс істейтін тележүргізуші Флоренсия Пенья Лионель Мессидің әкесі Хорхенің қайтыс болғанын қате жариялаған.

Не болды?

«El Show del Verano» бағдарламасының тікелей эфирінде Пенья құлаққап арқылы түсірілім тобы берген жалған ақпаратты естіп, оны тікелей эфирде айтып жіберген.

Жаңалықтың жалған екені анықталған бойда Флоренсия Пенья Мессидің отбасынан кешірім сұрап, анасы Селия Куччиттиниге жеке хабарласқан. Дереккөздерге сүйенсек, кешірім қабылданған. Дегенмен, осы оқиғадан кейін тележүргізуші қызметінен босатылды.

Леоның танымалдығын ескерсек, бұл шуға тіпті Аргентина президенті Хавьер Милей пікір білдірді.

«БАҚ тарапынан бәрін көрдік, бірақ кейбіреулер әлі де төмен түсе алатынын және одан да көп қайғы әкеле алатынын еске салады. Ең құрығанда, арна кешірім сұрап, бұл жиіркенішті адамды жұмыстан босатты», – деді Милей.


Леоның әкесінің жағдайы қандай?

Хорхе Мессидің қазіргі уақытта денсаулығында айтарлықтай мәселелер бар. Қазір дәрігерлердің бақылауында, оңалып келеді және жағдайына қарамастан оң өзгерістер көрсетуде.

Айта кетейік, Аргентина құрамасының аңыз шабуылшысы Әлжирге қарсы матч кезінде әкесінің денсаулығына байланысты сезіміне ерік берген еді.

Флоренсия Пенья кім?

Аргентинаның танымал актрисасы, тележүргізуші әрі әнші кәсіби мансабын жеті жасында «Festilindo» балалар бағдарламасында бастаған. 52 жастағы Пенья Латын Америкасындағы әйгілі телехикаялар мен комедиялық шоулардағы рөлдері арқылы танымал болды.

Актрисаның жұлдызын жандырған басты рөлі – «Casados con hijos» (үйленгендер, балалы) аргентиналық ситкомындағы Мони Арджентоның бейнесі.

Пеньяның басқа да белгілі жобалары: «Кішкентай өтірік», «Көбірек құрмет, мен сенің анаңмын», «Нағыз нөсер» және «Қабылдаушы ата-аналар» секілді туындылар.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie