locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

АҚШ – Аустралия . Онлайн көру

АҚШ пен Аустралия топ көшбасшылығы үшін таласады
АҚШ – Аустралия . Онлайн көру
ФОТО: Getty images

20 маусымға қараған түні Сиэтл қаласында 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің екінші турында АҚШ пен Аустралия құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Екі команда да турнирді жеңіспен бастап, топ көшбасшылары қатарында келеді. АҚШ алғашқы турда Парагвай құрамасын 4:1 есебімен ойсырата жеңсе, Аустралия турнирдің басты сенсацияларының бірін жасап, Түркияны 2:0 есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, АҚШ құрамасына бұл кездесуде негізгі ойыншылардың бірі Кристиан Пулишич көмектесе алмайды. 27 жастағы футболшы балтыр бұлшықетіндегі жарақатына байланысты матчты өткізіп алады.

АҚШ пен Аустралия арасындағы ойын Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie