Конфуз: Испания құрамасының ойыншысы ерекше себеппен базаға кіре алмады
Испания құрамасының шабуылшысы Борха Иглесиас АҚШ-тағы ұлттық команданың жаттығу базасына кіре алмады, себебі күзетшілер оны танымады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлеуметтік желілерде 33 жастағы испаниялық форвардтың Испания құрамасының жаттығу базасына кіре алмағаны туралы оқиға кең таралуда — қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оны тани алмапты.
Хабарланғандай, Иглесиас «Қызыл қаһардың» бас бапкері Конрад Де ла Фуэнте берген демалыс күнінде жаттығу базасынан шығып кеткен. Бірақ қайта оралмақ болғанда, оны ішке кіргізбеген. Борха күзетшілерге өзін Испания құрамасының ойыншысы екенін айтып, кіргізуді сұраған:
«Мен ұлттық құраманың мүшесімін, ішке кіруім керек».
Ақыры, испан делегациясы қоңырау шалғаннан кейін, шабуылшыға базаға кіруге рұқсат берілді. Осылайша күлкілі жағдай шешімін тапты.
Айта кетейік, Испания әлем чемпионатын сәтсіз бастады: «қызыл қаһар» Кабо-Вердемен сенсациялық түрде тең ойнады (0:0). 21 маусымда Испания құрамасы Сауд Арабиясына қарсы алаңға шығады.