Иран құрамасы АҚШ үкіметіне қатысты ФИФА-ға шағым түсірді
Иран құрамасы Бельгияға қарсы әлем чемпионаты алдындағы АҚШ-та тағы бір қиындыққа тап болды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Иран футбол федерациясы ФИФА-ға ресми шағым түсіріп, команданың маңызды матчқа дайындалуына кедергі келтіріп жатқан шектеулерге наразылық білдірді.
Иран командасы Бельгияға қарсы матч өтетін қалаға ойынға екі күн қалғанда келіп, финалдық ысқырықтан кейінгі күнге дейін сонда болуды жоспарлаған еді. Бұл кесте толыққанды жаттығу мен қалпына келу жұмыстарын өткізуге мүмкіндік берер еді.
Алайда АҚШ билігі бұл өтінішті қанағаттандырмады. Енді команда ойынға бір күн қалғанда ғана қалаға келе алады және матч аяқталысымен бірден кетуі тиіс.
Тегерандағы ресми тұлғалар бұл талаптар команданың жағдайын қиындатып, әлем чемпионаты қатысушылары арасындағы теңдік принципіне қайшы келеді деп есептейді. Сондықтан федерация ФИФА-дан жауап күтіп, шешімді қайта қарауға үміт артып отыр.
Бельгия – Иран матчы 21 маусым күні Калифорния штаты, Инглвуд қаласындағы SoFi Stadium аренасында өтеді.