Челси Англия Футбол Ассоциациясы тарапынан қатаң жазаланды: Сәтпаев клубына трансферлік тыйым салынды
Англия Футбол Ассоциациясы «Челси» клубын футбол агенттері, делдалдар мен ойыншылардың трансферіне үшінші тараптардың қатысуына қатысты ережелерді бұзғаны үшін жазалады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алғашқы шешім бойынша клубқа он миллион фунт айыппұл салынып, алты ұпайы шегерілді. Алайда клуб бұл шешіммен келіспей, апелляцияға жүгінді. Апелляциялық комитет айыппұлды күшінде қалдырды, бірақ алты ұпайды шегеру жазасын трансферлік тыйымға ауыстырды.
Қазіргі уақытта «Челси» 2027 жылдың 30 маусымына дейін екі трансферлік терезеде ойыншыларды тіркеуге шартты түрде тыйым салынған. Егер осы кезеңде клуб ешқандай ереже бұзбаса, бұл жаза күшіне енбейді.
Еске сала кетейік, «Челси» клубы Роман Абрамович кезеңіндегі трансферлік ережелерді бұзу бойынша тергеуде болған. Клубтың жаңа басшылығы тергеу органдарымен бірден ынтымақтасып, барлық қажетті ақпаратты ұсынды.
Тергеу нәтижесінде шамамен 2009 жылдан 2022 жылға дейін бұрынғы иесіне қатысы бар оффшорлық құрылымдар арқылы ойыншыларға, тіркелмеген агенттерге, делдалдарға және өзге де үшінші тұлғаларға жасырын төлемдер жасалғаны анықталды.