locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми түрде: «Ақтөбе» Штефан Тарковичті орнынан босатты

Словакиялық маман мен клубтың еңбек келісімі тоқтатылды
Ресми: «Ақтөбе» Штефан Тарковичпен еңбек қатынасын үзді
ФОТО: Актобе

«Ақтөбе» словакиялық бапкер Штефан Тарковичпен келісімшартты тоқтатқанын жариялады. Ол футболшыларға 2026 жылдың сәуір айынан бері жетекшілік еткен болатын, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бас бапкермен бірге оның көмекшілері Карол Праженик пен Мартин Руснак та клубтан кетеді. Тарковичтің қызметінен кететіні шілденің ортасында белгілі болған еді, бірақ келісімшартты толық бұзуға кедергі болғаны – бапкерге тез арада жұмыстан босатылған жағдайда төленетін өтемақы еді.

Таркович орнын босатқаннан кейін тізгінді оның көмекшісі Ернар Жалбыров қолға алды. Ол өзін жақсы қырынан көрсетті – екі ойында екі жеңіске жетті: «Алтайды» (4:2) және «Оқжетпесті» (2:1) тізе бүктірді. Бұл жеңісті серпін ақтөбеліктерді үздік үштікке жақындатты: 20-тур алдында «Ақтөбе» төртінші орында, үшінші тұрған «Астанадан» небәрі бір ұпай ғана артта.

Тарковичтің толыққанды ізбасарының есімі клубта әлі ресми жарияланған жоқ. Бірақ алдын ала мәлімет бойынша, оның орнына ресейлік-тәжік маман Игорь Черевченко келуі тиіс. «Ақтөбе» басшылығы ол маманмен келісімге келген көрінеді.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie