Сәтпаевқа мүмкіндік пе? «Спортинг» «Қайратпен» матч алдында негізгі қақпашысынан айырылды
Лиссабондық «Спортинг» үшін Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы маңызды кездесенің алдында жағымсыз жаңалық келді. A Bola дерегінше, команданың негізгі қақпашысы Руй Силва өткен аптадағы жаттығуда қол саусағынан жарақат алып, алаңға шыға алмайды. Бас бапкер Руй Боржеш тәуекелге бармай, ойыншыны ертеңгі матчқа қоспай, 22 күні өтетін «Морейренсемен» ойынға дайындауды жөн көріп отыр.
Бұл – «Спортинг» сапындағы жалғыз ғана шығын емес. Бұған дейін команда бірнеше маңызды футболшыларынан айырылған еді: вингер Нуно Сантуш, жартылай қорғаушылар Даниэл Браганса мен Хидэмасу Морита, қорғаушы Усман Дьоманде және шабуылшы Жени Катаму алдағы матчқа қатыспайды.
«Қайрат» пен «Спортинг» арасындағы кездесу 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні өтеді. Ойын Астана уақытымен 00:00-де басталады.