locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сәтпаев алаңға шыға ма? «Челси» «Ювентусқа» қарсы матчтың құрамын жариялады

Қазақстандық шабуылшы маусым алдындағы екінші ойында да негізгі құрамға енген жоқ
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Сәтпаев алаңға шыға ма? «Челси» «Ювентусқа» қарсы матчтың құрамын жариялады
ФОТО: Getty images
Клубтар арасындағы жолдастық кездесу
05.08.2026, Аяқт.
Челси
0
Ювентус
1

Лондондық «Челси» мен туриндік «Ювентус» Гонконгта өтетін жолдастық матчтың бастапқы құрамдарын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев бұл жолы да негізгі құрамнан тыс қалды. Ол кездесуді қосалқы орындықтан бастайды.

17 жастағы футболшы үшін бұл маусым алдындағы дайындықтағы қатарынан екінші матч. Бұған дейін «Тоттенхэмге» қарсы ойында Сәтпаев алаңға тек екінші таймда шыққан болатын.

Еске салсақ, Аустралиядағы алғашқы жолдастық кездесуде «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы матчты Сәтбаев негізгі құрамда бастап, жетінші минутта есеп ашқан еді. Сол ойында «Челси» 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кейін қазақстандықтың добы Sydney Super Cup турнирінің ең үздік голы деп танылды.

«Челси» – «Ювентус» кездесуі Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясы осы сілтеме арқылы қолжетімді болады.

Еске салсақ, Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін ғана ресми түрде «Челсидің» ойыншысы атанады. Қазақстандық футболшы 12 тамыз күні кәмелет жасына толады, содан кейін лондондық клубпен келісімшартқа қол қоя алады.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie